Заман талабына сай шәкірттер тәрбиелеген шымкенттік ұстаз

Шымкенттік ұстаз Камилжан Исакжанов Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінде 19 жылдан бері математика пәнінен ұстаздық етеді.


Ағылшын тілін жетік меңгерген білікті маман оқушыларға сабақты екі тілде өтеді.

Камилжан Ғафуржанұлының оқушылары математикадан халықаралық, республикалық пән олимпиадаларында тек жоғары орындарды иеленген.

– Ғылым мен білім күн сайын емес әр секундта дамып отыр. Көшке ілесу үшін тынымсыз ізденіспен бірге шет тілін де жетік білу қажет. Сондықтан алдыма мақсат қойып, өз бетімше ағылшын тілін үйрене бастадым. Шәкірттерім технологиясы озық елдерде білім алып, өз еліміздің дамуына үлес қосса екен деп армандадым. 2019 жылы шет тілін жетік меңгеріп, оқушыларға екі тілде сабақ өтуды бастадым, — дейді К.Исакжанов.

Ұстаздың 28 шәкірті ҰБТ сынағында ең жоғары балл жинап, еліміздегі ең беделді Назарбаев және өзге де жоғары оқу орындарының студенті болуына атсалысып жүр. ҰБТ қорытындысы бойынша математикалық сауаттылық пәнінің орташа балы – 17 балл, математика пәнінің орташасы 30 балл көрсеткішті көрсетті.

Сабақ барысында заманауи жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелеген ұстаз еліміздегі өзге әріптестерімен оқыту ісіндегі тәжірибесін бөлісіп келеді. 

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. An impressive share! I have just forwarded this onto a friend who had been conducting a little homework on this.
    And he actually bought me dinner because I discovered it for him…
    lol. So let me reword this…. Thanks for the meal!!

    But yeah, thanks for spending some time to discuss this matter here on your blog.

  2. Your style is very unique in comparison to other people I have read stuff from.

    Thank you for posting when you have the opportunity, Guess I’ll just bookmark
    this blog.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.