Түркістан облысы, Келес ауданы N39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Кушаева Гульнар пәнді оқытудағы озат тәжірибесімен бөлісті.
«Химия пәні мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін дамыту 7-9 сыныптардың қиын тақырыптары» бойынша біліктілігін арттыру курсы барысында мектеп тренері өзінің біліктілігімен, шеберлігімен көзге түскен. Білікті мұғалім әріптестеріне 9-сыныптарға арналған «Электролиттік диссоциация» тарауы бойынша өз тәжірибесінде қолданып жүрген түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ерекше сабақ өткізді.
— Кез-келген пәнді оқытуда алдымен оқушылар арасында да бір-біріне деген сенім орнату қажет. Сондықтан, ең алдымен пән мұғалімдеріне «Күн шуағын шашады» әдісі арқылы катиондар мен аниондар биін билете отырып сыныпта жағымды ахуал қалыптастырдым. Білім алушылрадың сыни, креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруға, проблемалық сұрақтардың шешу жолдарын ұсынуға және оны дәлелдеуге мүмкіндік беретін «ПОПС», «Т-тable», «Ассоциация» және «Салыстыру кестесі», «Мұнара құру» әдістерін химия сабақтарында сәтті қолданып, әріптестеріме өз тәжірибелерінде қолдануға ұсындым. Және де қиын тақырыптардағы есептердің тиімді шығару жолдарымен бөлістім,-дейді білікті ұстаз.
Айта кету керек, Гульнар Кушаеваның сабақ берудегі кәсіби шеберлігіне ата-аналар қауымы да дән риза. Білікті педагогтың шәкірттері де болашақта өздерін химия пәнімен байланыстырғысы келеді.