Кентау қалалық орталық ауруханасының өте білікті мейірбикесі, өз ісінің шебері Қожамкулова Алима Джумагулқызы осындай құрметке ие болды!. 40 жылдық еңбек өтілі бар мейірбике бүгінгі таңда орталық ауруханада реанимация – анестезиология бөлімшесінде мейірбике анестезист қызметін атқаруда.
Жуырда Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жылды қорытындылап қаланың әр саладағы үздіктерін анықтап, марапаттаған болатын. Алима Джумагулқызы еңбегі жоғары бағаланып қаланың «Ең үздік мейірбикесі» атанды.
1982 — жылы Түркістан қаласындағы арнаулы медицина колледжіне түсіп
1984 жылы Мейірбике мамандығын тәмәмдаған. 1984 жылдан бастап Кентау қалалық орталық ауруханасының травматология бөлімінде дәрі егу бөлмесінің мейірбикесі қызметін атқарған. 1985 жылдан бері Реанимация – анестезиология бөлімшесінде мейірбике анестезист қызметін атқарып келеді , жоғары дәрежелі мейірбике.
Аталмыш мекемеде қызмет атқарған жылдарында өзін ылғи жақсы жақтарымен, терең білімімен білікті маман, өз міндеттеріне шыншыл қарайтын жауапкершілігі мол ақхалатты абзал жан екендігін көрсетіп келеді. Қызметінде басым көпшілігінде наркоз түрлеріне қатысады. Ауыр халдегі науқастарға, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсете біледі. Өзінен кейінгі мейірбикелерге ұстаздық жасап, біршама шәкірттерді үйретіп шығарған.