Кентау қалалық емханасы басшының сапа жөніндегі орынбасары Сәкен Кеңесбекұлы жалпы тәжірбиелі аймақ дәрігерлері мен мейірбикелеріне МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстарын өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен сақтандыру жүйесіне пациенттерді сақтандыру жүйесіне енгізу жайы қозғалып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қыркүйектен бастап дербес төлеушілер сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасай алады.МӘМС-ке жарна төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарнасын төлей алады.
МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған және жеңілдікке ие 15 санаттың қатарына кіру үшін қайда жүгіну керек?
Мемлекет есебінен МӘМС жарнасы мына тұлғаларға төленеді:
1) 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куәлігі табысталған яғни жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілген уақыттан бастап «сақтандырылған» болып саналады.
2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.
3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік санатына ену үшін әйел тіркелген емханада жүктілігі бойынша уақтылы есепке тұруы тиіс. Соңғы 2 айда ол үшін зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және өз қызметін тоқтатпаған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс істейтін болып саналады және жеңілдік санатына енгізілмейді.
4) Үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін тұлға. Бұл санаттағылар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады, бірақ ресми түрде жұмыс істемеу және де олардың атына соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жасалмаған болуы керек.
5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы тұлға. Олар демалысқа ресми түрде шыққан кезде «сақтандырылған» мәртебесін алады.
6) Мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері базаға енгізіледі. Кейін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін иеленеді.
7) Бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам. Мүмкіндігі шектеулі жанның тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері базаға енгізіледі. Ізінше «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақтандырылғандардың тізіміне Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала алмайды. Зейнеткерлік жасқа жеткендерге жеңілдік мәртебесі берілмейді, бірақ зейнетақының орнына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады.
9) Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі еңбектерінде сот үкімі бойша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның деректерін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.
10) Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағы жандар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.
11) Жұмыс істемейтін қандастар. «Қандас» куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде жеңілдік санатына енгізіледі.
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар. Автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады.
13) Мүгедектігі бар адамдар. Ресми құжаты шыққан кезде, мәртебе автоматты түрде беріледі.
14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар. Қазақстанда оқитын студенттер жеңілдетілген санатқа автоматты түрде қосылады.
Бұл жерде шетелдік оқу орындарында оқитын қазақстандық күндізгі оқу студенттері МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек. Олар Egov.kz электронды үкімет порталындағы сервисті пайдалана отырып, жүйеде өз бетінше тіркелуі қажет.
15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Әлеуметтік төлем тағайындалған кезде «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Және емханаға тұруға ыхтиярхаты бар сақтандырылмаған науқастар келуі мүмкін. Ол жағдайда тұрғынның ыхтиярхатының мерзімінің бітпегендігіне көз жеткізіп, тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп оны жүйе аясында сақтандыру жарнасын төлеуге көмек көрсету қажет.