Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы #1 мектеп-гимназиясының базасында 28.09.2022 жылы «Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыпта қалалық семинар өткізді. Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікте, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Семинарда #1 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Омаров «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» дебат ойынын ұйымдастырды.