КЕНТАУ: СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Сүт безінің қатерлі ісігі — бұл әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бірақ 65 жастан асқан әйелдерде бұл қатерлі ісіктің пайда болу қаупі осы жасқа дейінгілерге қарағанда 6 есе жоғары. Кентау қалалық емханасының маммологтары осылай деп отыр.

Зерттеушілер аурудың туындауына негізгі себептер ретінде мыналарды атады:

• ауырлаған тұқым қуалаушылық: егер науқастың туыстарында, әсіресе анасы жағынан, сүт безінің, жыныс мүшелерінің обыры немесе басқа да онкологиялық аурулар анықталған болса, онда сүт безі қатерлі ісігінің пайда болу қаупі арта түседі;

• етеккірдің ерте келуі (12 жасқа дейін) және етеккірдің кеш тоқтауы (55 жастан кейін);

• бастапқы бедеулік, бірінші баланы кеш босану (30 жастан кейін), лактацияның болмауы немесе бала емізудің қысқа уақыты, босанудан кейінгі мастит;

• жыныстық қатынастың тұрақсыздығы;

• сүт безінің жарақаты;

• «сүт бездерінің дисгормоналды гиперплазиясы» диагнозы;

• семіздік;

• қалқанша без жұмысының бұзылуы;

• толықтырушы гормоналды терапия.

Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250

мыңы өмірмен қоштасады. Осыған орай әр жыл сайын 21 қазан — «Дүние жүзi

әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi» деп жариялануы да тегін емес. Бұл

проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы

онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол

барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын құрайды.

Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері:

• көкіректе түйін сезіледі;

• бір омырау екіншісінен үлкен болып, көлемі өзгереді;

• төс тығыздалып, белгісіз сұйықтықтың не ірің бөлінуі;

• тері түсінің өзгеруі (қызарып, солғын тартады);

• ісік үстіндегі теріде ойықтар мен қабықшалар пайда болады;

• сүт безіндегі ауырсыну (әсіресе, етеккір келгенде);

• қолтықтың маңайы тығыздалып, ісік пайда болады;

• қолда ісік пен ауырсыну білінеді (бір жағында);

• әлсіздік пайда болады, жүрек айнып, бас айналады.

Егер осындай белгілерді сезінсеңіз, бірден дабыл қағып, тұрғылықты жеріңіздегі маммолог, онколог, акушер-гинеколог және жалпы практика дәрігеріне қаралыңыз.

Сүт безі обырынан сақтану жолдары:

• Дұрыс тамақтану. Фастфуд, ащы, тұзды, майлы және қуырылған тағамдардан бас тартып, жеміс-жидек, көкөніс, белокқа бай тағамдарды тұтынған жөн. Сондай-ақ, құрамында пайдалы майлар, дәрумендер мен минералдары бар ас ішкен абзал;

• Уақытында бала туу. Кеш жүктілік кезінде сүт безі обырының қаупі бар. Аборттан аулақ болып, жүктілікті дұрыс жоспарлау керек;

• Таза ауада серуендеу;

• Физикалық белсенділікті арттыру;

• Дұрыс тынығу;

• Ұйқы режимін сақтау;

• Темекі мен алкогольді ішімдіктерден бас тарту;

• Менопауза кезінде гормональды препараттарды қабылдаудан бас тарту;

• Ыңғайлы төстартқыш кию;

• Кеудені өздігінен тексеру. Ай сайын етеккір циклі аяқталғаннан кейінгі бірінші аптада сүт бездерін қолмен ұстап, тексеру керек. Егер күмәнді қуыстар мен түйін, ісіктер байқасаңыз, маммологтың көмегіне жүгінуге болады.

Осы орайда сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында Кентау қалалық емханасында тұрғындарды құлақтаныдру және аурудың алдын алу мақсатында емханаға келген пациенттерге үнпарақтар таратылды. Одан бөлек жыл сайын Ашық есік күндері ұйымдастырылып отырады. Және де нысаналы топтарын скринингтік тексеуден өткізу жұмыстары жүйелі жолға қойылған.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.