Келес ауданы әкімі жас чемпиондарды қабылдады

Алматы облысында өткен еркін күрестен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі бірінші орынға ие болған Мейіржан Полатұлы және Нұрасыл Бауыржанұлын Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қабылдап, алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.


Кездесу барысында аудан басшысы А.Есбаев: «Ел біріншілігінде ауданымыздың абыройын асқақтатып жүргендеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы байрақты бәсекелерде Егемен еліміздің туын желбіретер өздерің сияқты ұрпақтың өсіп жетілуіне, салауатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде қарастырып, бұқаралық спорттың дамуына өз күш жігеріңізді қосатындарыңызға сенімім мол. Отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбектеріңіздің жемісті болуын, абырой мен беделдеріңіз биіктен көріне беруіне шын жүректен тілектеспін» — деп, ақ тілегін жеткзді.

2012 жылдан бері спортты жанына серік еткен екі жасөспірімде бұған дейін де аудандық, облыстық біріншіліктерде топ жарып үлгерген. Жас өрендердің алдағы спорттық мансабына толағай жеңістер тілейміз. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.