Кентау: Саябақтар мен аллеяларды көгалдандыру және таза ұстау мәселелері әрқашан қала басшысының назарында

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов үнемі қаланы түстен кешке дейін араласа, бұл жолы кешкі қаланы аралап, тұрғындарға жақсы демалыс пен жайлы орын болатын саябақтар мен аллеяларды аралады.


Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шаһар басшысы қажетті сала басшыларымен бірге қаладағы «КЕНШІЛЕР САЯБАҒЫНАН» бастау алып, «С.ҚОЖАНОВ», «JASTAR» саябағын аралап, ыстық ауа- райындағы субұрқақтардың жұмыс барысын бақылады.

Сонымен қатар, қаладағы аллеяларда жүріп, көгалдандыру барысындағы кіші субұрқақтың жұмысын іске асыру барысымен танысты. Қаладағы әр аллеяны жасылдандыру бойынша су жүйелері жұмыс жасайтын болады.

Айта кету керек, аралау барысында сала басшыларына жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырып, әр апта сайын бақыланып отыратынын ескертті. Қала әкімі Даурен Махажанов «Қала тұрғыны мен қонақтар үшін қаланың әр аймағы жайлылық сыйлай отырып, қаламыз өзінің ерекше қала қалпын сақтау қажет» деді.

Саябақтар мен аллеяларды көгалдандыру және таза ұстау мәселелері әрқашан қала басшысының назарында.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.