Кентау: Қарнақ ауылында киіз үй тігілді

Бір шаңырақ астындағы ынтымақты ауыл. Бүгін Кентау қаласы Қарнақ ауылында ата-баба салтымен елдің ынтымағы мен бірлігі бекем болсын деген ниетпен киіз үй тігілді.


Оған елімізде алғаш рет өткізгелі отырған ауыл әкімдерінің сайлауына үміткерлер қатысты.

Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асқан бұл сайлау науқаны көпшіліктің оң пікірін қалыптастырып үлгерді. Ол жайында ауыл тұрғындары да ой білдіріп, тіпті сайлау күнін жоғары деңгейде өтуіне барынша атсалысатындарын жеткізді. Бүгінгі таңда Қарнақ ауылындағы 5 сайлау учаськесі сайлау науқанын өткізуге әзір.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында елдегі әлеуметтік және саяси мәселелерге кеңінен тоқталғаны мәлім. Соның ішінде ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманы ұсынды. Енді ауыл әкімін халықтың өзі таңдайтын болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдағы ауыл әкімдерін сайлау Түркістан облысы бойынша 63 ауыл округінде өткізілетін болса, соның ішінде Кентау қаласына қарасты бір ауылда сайлау болады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.