Мектеп оқушыларына 6 кеңес
1.Баға үшін емес, біліміңді арттыру үшін оқы!
Оқушыларды көбісі қойылатын бестік үшін ғана оқиды. Төмен баға алдым деп еңсеңді еш түсірме. Алған 5-тік сенің біліміңнің көрсеткіші емес. Сондай-ақ, «Алтын белгінің» де аса қажеті жоқ. ЖОО-да оны біреу есепке алмайды. Тіпті, ұмытып та кетеді. Алтын белгі тек ата-анаң мақтанып жүруі үшін керек.
- Білмегеніңді сұраудан ұялма!
Кейде білмейтінімізді сыныптағы білетін оқушыдан сұрауға ұяламыз. Бұл дұрыс емес. Білмейтініңді сұрап үйрен. Білмегенің үшін біреу сені жазаламайды, күлмейді. Кейбір оқушы «Білмейтінімді біліп қояды» деп қорқып жатады. Сұрағыңды нақты әрі түсінікті етіп қойсаң, жауап беруші қуана-қуана көмектеседі. Кейбір адамның намысы жібермейді. Ондай мінезбен ұзаққа шаппайсың. Білім алғың келсе тәкаппарлық пен ұялудан арыл.
- Жеке пікірің бары есіңнен шықпасын!
Сен бәрімен келісуге, шаблонды әрекет етуге міндетті емессің. Көпке қарсы келуден қамсынба. Аргументің мықты боп, өзіңдікін дұрыс деп тапсаң, сол бетіңнен қайтпа. Өз пікірі бар және оны қалай қорғауды білетін адам құрметке лайық. Саған ұнамайтын және құндылығыңа сай келмейтін істен бас тарта аласың.
- Өзіңді кемсіту, төмендетуге жол берме!
Кінәні мойындау керек, бірақ кемсітуді сезсең, кім болса да, орнына қоюды ұмытпа. Сен қанша жерден «двоечник», бұзық болсаң да, ешқандай мұғалім сені бүкіл сыныптың алдында жаман сөз айтып, намысыңа тиюге құқылы емес. Кабинетіне апарып оңаша сөйлессін. Ата-анаң оқиға туралы хабардар болсын. Олар саған не істеу керегін айтады. Мәселенің дұрыс шешімін көрсетеді. Қиын сәттерде қолдайтын — солар.
- Сыныптағылармен жақсы қарым-қатынаста бол!
Көбінің жақтырмайтын сыныптасы болады. «Мектеп біткен соң араласпаймын» деп ойлайды. Солай ниеттенеді. Бұл дұрыс емес! Студенттік өмір бәрін өзгертеді. Жек көретін сыныптасың, студенттік кезде ең жақын сырласыңа айналуы ғажап емес. Ондай жағдайлар бар. Иә, сен универге барып, мықты адамдармен танысасың. Дос боласың. Алайда, олар өз сыныптасыңа жетпейді.
Сондықтан, сыныптастарыңмен қарым-қатынасыңды дұрыстауға тырыс. Мектеп бітіруіңе санаулы уақыт қалды ғой.
Өкпе-ренішің болса, кешіруге тырыс. Кешіргеніңді өзіне білдір. Бірге демалыс ұйымдастырыңдар. Сабақ көп оқығаннан ми шаршайды. Оны босатып тұру қажет. Әйтпесе, дәрістерің эффективті болмай, маңызды ақпараттарды ұмытып қаласың.
- Дәрігерге жиі қаралып тұр.
Бірінші байлық — денсаулық. Бәрі білетін шығар, иә? Бірақ осы мақалдың мағынасына үңіліп, қаншалықты ой жүгірттік?
«ҰБТ» деп жүріп, Құдайдың аманатын естен шығарма. ҰБТ-дан құласаң, келесі жылы қайта тапсыруға мүмкіндігің бар. Ал, денсаулығыңды қайтару мүмкін емес. Стрессті жағдайда, күйзелісте жүргендегі өлетін жүйке жасушаларын қалыпқа келтіре алмайсың. Көру қабілетің нашарласа, жақсарту оңай емес.
Сол себепті, өзіңді нашар сезінсең, мотивация жоғалып, ештеңеге зауқың болмаса, дереу дәрігерге көрін. Ештеңе істегің келмесе, сенде психикалық (депрессия, нервоз) және физикалық (гипертония, эндокриндік мәселелер) ауытқу болуы мүмкін.
You’re really a excellent webmaster. This site loading pace is incredible.
It seems that you are doing any unique trick.
Moreover, the contents are masterpiece. you’ve performed a great
activity in this matter! Similar here: sklep internetowy and also here: Sklep online
Hmm it seems like your site ate my first comment (it was super long)
so I guess I’ll just sum it up what I submitted and
say, I’m thoroughly enjoying your blog. I too am an aspiring blog blogger
but I’m still new to the whole thing. Do you have any recommendations for first-time blog writers?
I’d definitely appreciate it.