МАҚТААРАЛ: «МИФ» пәндер бірлестігінің онкүндік іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті!

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.10.2022-21.10.2022ж. Математатика, информатика, физика (МИФ) пәндер бірлестігінің онкүндік іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараны мектеп директоры М.П.Аккулиев өз құттықтау сөзімен ашып беріп, оқушыларға алдағы уақытта білім жолында алар асуларының биік болуына сенім білдірді.

-Салтанатты жиында оқушылар бір-біріне логикалық сұрақтар қойып, миға шабуыл жасап алды.

-Математика, информатика, физика пәндері бойынша қойылым көрсетіп, көрермендердің қызығушылығы мен қошеметіне бөленді.

-Мақсаты: Оқушылардың пәндік білім-танымын кеңейту, сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру; ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.