МАҚТААРАЛ: ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, дебаттық қозғалысты жандандыру мақсатында С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде 9-10-11 сынып оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өтті.

Әдістемелік кабинет әдіскері Б.М.Еркинова мен Мақтаарал ауданының пікірсайыс қозғалысының төрағасы Ы.А.Қазидің ұйымдастыруымен өткізілген бұл дебаттық турнирге оқушылардан құралған фракциялар қатысып, бақ сынады.

Турнирде қоғамның ең маңызды тақырыптары талқыланды. Жарыссөзге шыққан оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсете білді.

Дебат соңында жеңімпаз фракциялар марапатталды. Осылайша дебаттық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде аталып өтті.

Ad Widget

Recommended For You