Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты N36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» атты жүріп жатқан онкүндігі аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы — ұлт ұстазы» атты кеш өткізді.
Әдеби кешке 5 -10 сынып оқушылары қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңінен көрініс көрсетіп, ақын өлеңдерін мәнеріне келтіре оқыды. Ал, 9-10-сынып оқушылары ақын өмірі мен оның шығармашылық жолына баяндама жасап, қатысушыларға үлкен әсер сыйлады.