Мақтаарал ауданында қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөнінде мәжіліс өтті

Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының мәжілісі өтті.


Аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова төрағалық еткен жиынға аудан прокуратурасың аға прокуроры Ж.Сарсенбай және әлеуметтік салалардың басшылары мен мамандары қатысты.

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды 2021 жылға белгіленген квотамен жұмысқа орналастыру және оның орындалуы туралы, жалпы атқарылған жұмыстар жөнінде А.Ешанқұлова хабарлама жасады. Сонымен қатар, қылмыстық жазаны қолдану тәртібімен қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін белгілеп, тиісті жұмыстар ұйымдастыру туралы 2021 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар жөнінде Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Н.Сабаев баяндама жасады.

«Қазіргі таңда пробациялық бақылау белгіленген 76 сотталғанның 73-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 55 адам пробация арқылы жұмыспен қамтылған. 18 адам өз өзін жұмыспен қамтыған. Пробациялық бақылау белгіленіп есепте тұрған азаматтардың ішінде 3 азамат жұмыссыз» — деді Н.Сабаев.

Мұнан соң «Ауданның жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманы Н.Джанабеков «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» Еңбек мемлекеттік бағдарламаcы аясында жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының орындалуы бойынша есеп берді.

«2021 жылдың 6 айында бас бостандығынан айыру мекемелерінен және пробация қызмет бөлімінің есебінде тұрған жұмыссыз 30 азаматқа әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Атап айтқанда, 6 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 21 азамат бос жұмыс орындарына тартылып, тұрақты жұмысқа орналасты. 6 азаматтың отбасына «Атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып, материалдық ақшалай көмек берілуде» — деді Н.Джанабеков.

Жиынды қорытындылаған А.Ешанқұлова кенттер мен ауылдық округі әкімдеріне, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының директорына нақты тапсырмалар беріп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек беруді барынша күшейту керектігін айтты. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Наша команда опытных исполнителей подготовлена предложить вам актуальные средства, которые не только ассигнуруют надежную оборону от мороза, но и подарят вашему зданию модный вид.
    Мы занимаемся с современными компонентами, утверждая продолжительный срок использования и блестящие выходы. Изоляция облицовки – это не только экономия ресурсов на прогреве, но и ухаживание о природной среде. Энергоспасающие инновации, какие мы используем, способствуют не только твоему, но и поддержанию природы.
    Самое центральное: Утепление фасада частного дома снаружи цена у нас стартует всего от 1250 рублей за метр квадратный! Это доступное решение, которое превратит ваш домик в реальный душевный уголок с небольшими издержками.
    Наши примеры – это не только утепление, это постройка пространства, в где любой элемент отражает ваш уникальный стиль. Мы учтем все ваши требования, чтобы преобразить ваш дом еще еще больше гостеприимным и привлекательным.
    Подробнее на http://www.ppu-prof.ru
    Не откладывайте заботу о своем жилище на потом! Обращайтесь к квалифицированным работникам, и мы сделаем ваш жилище не только теплее, но и модернизированным. Заинтересовались? Подробнее о наших предложениях вы можете узнать на интернет-портале. Добро пожаловать в мир удобства и уровня.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.