Мақтаарал ауданы әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

Маусым айының үшінші жексенбісі — Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.


Аталған күнге байланысты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «Мырзакент» емханасына арнайы барып, белсенді еңбегінің арқасында науқастарға шипа беріп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.

«Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүкіл әлемді алқымынан алған пандемия басталғалы Сіздердің кәсіптеріңізге деген адамзаттың шексіз құрметі және де арта түсті. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барша мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі мереке қарсаңында Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғыс білдіремін!» — деді Бақыт Насырханұлы.

Жалпы іс-шара барысында бірнеше дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың алғыс хаттарымен де марапатталды.

Айта кетейік, жиын соңында сөз сөйлеген «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов арнайы құттықтауға келген аудан басшысына алғысын білдіріп, пандемия басталғалы ауруханаларға аудан әкімдігі тарапынан үлкен қолдаулар болғанын атап өтті. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.