Мақтаарал: Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексінің орындалуы бойынша жиын өтізді

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарындағы Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексінің орындалуы бойынша жиын өтізді.


Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Нұрбол Жақсылықұлы мемлекеттік қызметшілердің әдебі бойынша нақты 4 мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет мүлкін дұрыс пайдалану, іскерлік киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта да әдепті болу және көмек сұрап келген тұрғындармен сыпайы әрі мәдениетті қарым-қатынаста болу керектігін айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізетін іс-әрекеттер орын алған жағдайда көрілетін шаралар туралы да ескертті.

«Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары бойынша тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бақылауыма алатынымды ескертемін. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік органдарға жоспар бойынша тексеру шараларын ұйымдастырып, анықталған оқыс оқиғалар бойынша қатаң шаралар көрілетін болады» — деді Нұрбол Жақсылықұлы.

Әдеп жөніндегі уәкіл жиынды қорытындылай келе әрбір мемлекеттік қызметші қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта әдептілікті сақтап, қоршаған ортасына жанаршылық, адамгершілік танытып, осы елдің нағыз патриоты екенін көрсете білсе — халықтың мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызметке және мемекеттік қызметшіге деген оң көзқарасы қалыптасып, сенімі артатынын айтты. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.