Мектептегі «Кадет сыныбы» өскелең ұрпақтың отансүйгіштігін арттырады

Соңғы уақытта елімізде мемлекеттік деңгейде өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне жүйелі түрде көңіл бөлініп, нақты қадамдардың жасалып жатқаны қуантады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Шымкент қаласының білім басқармасы шаһар мектептерінде кадет сыныптарын ашуды қолға алды. Қазірдің өзінде 13 мектепте кадет сыныптары бар.

Солардың бірі – Әсет Сатыбалдиев басқарып отырған №125 жалпа орта білім беретін мектеп. Аталмыш білім ошағының әскери жетекшісі Болат Дәукенов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Сүлейменовтың атсалысуымен және 7 «Е» сыныбының ата-аналарының қолдауымен 2019-2020 оқу жылынан бастап «Жас сарбаздар» сыныбы ашылған болатын. Сыныптың жетекшісі болып биология пәнінің мұғалімі Дина Қамысбаева бекітілді. Ә дегеннен бұл сынып 25 оқушымен жасақталды, олардың 13-і – ұл бала, 12-сі – қыз бала. Бұл сыныптың ерекшелігі – барлық пән бойынша оқылатын сабақтарды мұғалімдер әскери тақырыппен байланыстырып отырады. Оқушылардың барлығы спортқа бейім, аптасына бір сағат және жетекшінің бос уақытына сәйкестендіріп, кесте түзу арқылы әскери дайындық сабағын өтеді. Музыка пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып аптасына бір сағат хор айтып үйренеді.

Әрине, кадет сыныптарын ашу бар да, олардың дайындығын таразылау деген бар. Осы мақсатта Шымкент қаласының білім басқармасының және Шымкент қаласының  қорғаныс істер жөніндегі департаментінің мұрындық болуымен қала мектептеріндегі барша кадет сыныптары оқушылары арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырылып жатыр. В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебінде жуырда ғана Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында, Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовтың туғанына 118 жыл толуына орай, «Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов» атты «Жас сарбаздар» әскери-патриоттық сайысы өтті. Шараға «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Арман Найманбайұлы Әлібеков, қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығының АӘД әдіскері Қ.Есқараев, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің  әскери патриоттық қызметінің бастығы Л.Мушанова, Кеңес Одағының батыры С.Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі бастығының орынбасары, подполковник М.Мадрахимов, қалалық әскери қызметкерлер Самат Дербісәлиев, Марат Байбековтер қатысты.   

Атап өтерлігі, №125 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Е» сыныбының жас сарбаздары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Саптық жүрістен» ІІ орынға табан тіресе, «Ең үздік командир» номинациясымен сыныптың командирі Асылжан Мырзабек марапатталды.

Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник А.Тілеухановтың және Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының  директоры М.Медетбекованың Алғыс хатына «Жас сарбаздар» әскери-патриоттық іс-шарасына жоғары деңгейде шәкірт дайындағаны үшін мектептің диреторы Әсет Сатыбалдиев лайық деп табылса, ал оқушылар жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ІІІ орын алғаны үшін марапатталды. Кадет сыныбындағы оқушылар осы жолдастық кездесуден өздеріне деген сенімдері артып, мол тәлім-тәрбие алып қайтты. Болашақта бұл сыныптан елімізді қорғайтын білімді, отансүйгіш азаматтар өсіп шығарына сенімдіміз.

Дина ҚАМЫСБАЕВА,

№125 ЖОББМ 7 «Е» Кадет сыныбының жетекшісі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. BTC may be the latest or last chance to get rich in this era. It will reach $200000 next year or the next year.

    BTC has increased 20 times in the last year, and other coins have increased 800 times!!!

    Think about only $2 a few years ago. Come to the world’s largest and safest virtual currency exchange Binance to Get free rewards. Don’t miss the most important opportunity in life!!!

    https://hi.switchy.io/91xl

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.