Мұрат Әйтенов: Қаламызды таза ұстау – баршамыздың міндеті

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен тазалық жұмыстары мен көріктендіру бойынша көшпелі жиналыс өтті.


Онда аудан әкімдері мен басқарма басшыларының санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

«Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы қаладағы 211 нысанға (саябақ, сквер, ескерткіштер, субұрқақ) күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 3 млрд 323 млн теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде «Көк», «Чумчак», «Сайрам су сай» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп биыл аяқталады.

Жиында қала әкімі қаламызды таза ұстау алдымен әрбір қала тұрғынының, одан кейін тиісті мердігерлердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.

— Қаладағы үлкен көшелерді аудан әкімдіктері, үй айналасын кондоминиум, сауда нысандарының тазалығына келісімшартпен кәсіпкерлер жауапты болулары керек. Тазалықта иесіз жер болмауы тиіс. Мердігер мекемелер аудан әкімдіктерімен етене жұмыс жасауы қажет. Енді оларға әлеуметтік желідегі сын-шағымдар дәлел ретінде қабылданып, айыппұл салынатын болады. Аула ішіне тұрғындармен келісімшарты бар мекемелер жауапты. Сондықтан тұрғындар арасында тазалықты көптеп насихаттайтын баннерлер ілінсін -деді Мұрат Әйтенов.

Жыл басынан әр ауданға 4 тазалық бақылау маманы тартылған. Әкім олардың санын онға дейін көбейтуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын тастаушыларға нөлдік төзбеушілік көрсетуге, ал полиция қызметкерлерін бұл жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Бейнебақылау қою жерлер қажеттігі болса ұсыныс енгізу керектігін айтты.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында көп жылдық гүлдер егуге көшуді жүктеді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.