Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев Сайрам ауданында іссапармен болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының жазғы демалыс қарсаңындағы елге сапары басталды.


Бүгін Сайрам ауданына Мәжіліс депутаты С.Ертаев іссапармен келді. Ол «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Абдикаримовпен бірге ауданды аралады.

Бірінші кезекте Қарабұлақ елді мекенінің орта және кіші кәсіп иелерімен, “Нұрлы Мед” ЖШС-нің жұмысымен танысты. Пандемия кезінде аталған клиника ұжымы Қарабұлақ ауылының тұрғындарына екпе егумен қатар, бес мыңға жуық ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Клиника басшысы мекеменің жеке қаржыға салынып, заманауи медициналық жабдықтармен толық жасақталуы мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті.

Қарабұлақ ауылына іссапар барысында Сырым Махамбетұлы ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ауылдың көкейкесті мәселелері талқыланды. Ауыл ақсақалдары бірінші кезекте 52 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесін көтерді. Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ақсақалдар Сырым Махамбетұлының ел игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Аудан орталығына жол жүру барысында егіс алқабында еңбек етіп жүрген ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. 15 адамды жұмыспен қамтып, өңірді табиғи таза өніммен қамтамасыз етіп, азық-түлік бағасы тұрақты болуына өз үлесін қосып отырған Ділшат Қасымбектің нарыққа ұсынып отырған картоптың құны —120 теңге. Ағын су мәселесі, тамшылатып суғару әдісіне көшу, жылына 2-3 өнім алу мәселесі талқыланды.

Ақсукент ауылында орналасқан “Sairam Thermal Resort” оңалту, сауықтыру орталығы ұжымымен кездесу өтті. Бір ауысымда 195 адамға қызмет көрсете алатын оңалту орталығы қырқынды жұмыс істеуде. 50 азаматты жұмыспен қамтыған. Кездесу барысында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау, туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Мәжіліс депутаты аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Ұласбек Сәдібекұлымен кездесіп, “Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” атты Сайрам ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асу барысын талқылады.

Аудандық партия филиалы ғимаратында дербес бөлім басшылары, фракция мүшелері мен аудан тұрғындарына қабылдау өткізілді. Көпқабатты тұрғын үй, мектеп-интернат құрылысы, спорт клубтарындағы жаттықтырушылардың еңбек ақысын көтеру мәселелері талқыланды. Республикалық деңгейде шешілетін мәселелерді шешуге ықпал жасау бойынша тиісті құжаттар жинақталып, Сырым Махамбетұлының бақылауына алынды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.