М.Әйтенов «Бозарық» қосалқы станциясының құрылыс барысымен танысты

Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Қала әкімі М. Әйтенов әлеуетті нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізілген. Әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары қалған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы қолға алынған болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов «Бозарық» қосалқы станциясын іске қосу шараларын пысықтап, бұл мақсатта шұғыл жұмыс тобын құрған еді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.