Ордабасы ауданы: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тәлкекке түскен тағдырлар» кітабының тұсаукесері өтті

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Ордабасы ауданында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бөріхан Тәменнің «Тәлкекке түскен тағдырлар» кітабының тұсаукесері өтті.


«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен басталған ұжымдастыру науқанында Қазақстанда халық жаппай ашаршылыққа ұшырап, 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болғаны тарихтан белгілі. Репрессия кезінде елімізде Карлаг, Степлаг, АЛЖИР сынды 11 арнайы лагерь құрылып, онда 2 млн.-ға жуық адам жазасын өтеді. Тұтас ұлттар жер аударылды.

Осы «тар жол тайғақ кешу» заманында Ордабасы ауданында ұжымдастыру қалай жүзеге асты? Белсенділер мен қуғынға ұшырағандардың тағдыры қалай өрбіді? Кітаптың негізгі арқауы қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен көз көрген аға буынның естеліктеріне негізделді.

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев көркем туынды авторына аудан әкімінің алғысын жеткізіп, егемендіктің арқасында тарихымыздың беймәлім беттерін қайта парақтауға мүмкіндік туғанын, осылайша мемлекетіміздің жүріп өткен сүрлеуіне шынайы баға берілгенін атап өтті.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әдеби-сазды монтаж арқылы зұлмат жылдардың қасіретін сахналап, көрермен ықыласына бөленді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I have realized that over the course of making a relationship with real estate owners, you’ll be able to come to understand that, in every real estate transaction, a commission amount is paid. All things considered, FSBO sellers tend not to «save» the commission payment. Rather, they fight to win the commission by way of doing the agent’s work. In this, they spend their money as well as time to conduct, as best they will, the obligations of an adviser. Those obligations include revealing the home through marketing, representing the home to prospective buyers, making a sense of buyer emergency in order to induce an offer, booking home inspections, managing qualification investigations with the financial institution, supervising fixes, and facilitating the closing of the deal.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.