Отырар: Ауданда 2164 мыңға жуық мұғалім бар

Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру, ғылымды дамыту. Барлық өркениет атаулының өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігі ақиқат. Осы орайда білім ордасы — мектеп, ал мектептің жаны — мұғалімдердің басты міндеті — өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Отырар ауданында осы бағытта барлық шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Бұған біз ауданның бас ұстазымен жолығып, сұхбаттасқанда көз жеткіздік. Отырар ауданыны адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызының айтуынша, 2022 жылы ауданның жалпы білім саласына 14 млрд. 731 млн. 999 мың теңге (мектепке дейінгі білім беру 1 млрд. 790 млн. 282 мың теңге, жалпы орта білім беру — 12 млрд. 941 млн. 717  мың теңге, қаралды оның ішінде:

— республикалық бюджеттен – 8 млрд. 493 млн. теңге;

— облыстық бюджеттен 6 млрд. 238 млн. теңге. Ұстаздардың жалақысынан бөлек, жалпыға міндетті білім беру қорына 95874,0  мың теңге  бөлініпті.

  • Жанат Тұяқбайқызы 2022-2023 оқу жылы несімен ерекшеленеді ?
  • Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.   2022 жылдың 1 қыркүйек күні ауданымыздағы білім беретін  40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып,  12326 оқушымен,                          2 мектептен тыс,  27 мектепке дейінгі мекемелермен жаңа оқу жылын бастағалы отырмыз. Биылғы 1-ші сыныпқа  1242 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы                           1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Өздеріңізге мәлім былтырғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы мен  «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлініп оқытылуда  «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері». Иә, жас ұрпақты  еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Осы орайда мұғаліммен қатар ата-ананың да рөлі зор екенін естен шығармауымыз қажет. Ұлы Абайдың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген қанатты сөзін терең ұғынуымыз қажет. Ұстаздың негізгі мақсаты – өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-кұлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт.
  • Ауданда мектепке дейінгі білім мен тәрбие бағыты қалай жүзеге асырылуда?

 

  • Ауданымызда мектепке дейінгі ұйымдар саны 32 (Мемлекеттік-20, жеке меншік-7, шағын орталықтар саны-5).

Қазіргі таңда  32 мектепке дейінгі ұйымдарда 2551 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі ұйымда кезекте тұрған 1-6 жас аралығында бала саны-317 құрайды.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауданымызда  3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 97%-ды құрап, оны 100%-ға жеткізілді.

Барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыруды енгізу арнайы «balabaqsha.smartnation.kz  сайты арқылы  мемлекеттік  және жекеменшік балабақшалар   бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. Осы жүйелер арқылы балаларды қабылдау, кезекке қою, жолдама беру мемлекеттік қызметтері жүзеге асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға оң септігін тигізуде.

Білім саласына енгізіліп жатқан тың өзгерістер мектепке дейінгі тәрбие мен оқу жүйесін жаңа белестерге көтеруде жұмыстар атқарылуда. Тәрбиешілердің мәртебесін арттырып, білім дағдыларын жетілдіру мақсатында 100-ден астам тәрбиеші әртүрлі деңгейдегі біліктілік арттыру курстарынан өткізілді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу жылы барысында республика, облыс көлемінде жеткен жетістіктер де баршылық. Атап айтар болсақ:

— облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы»» тақырыбындағы Алпамыс» бөбекжай-балабақша» МКҚК тәрбиешісі Екейбаева Манат Алтаевна  шебер-сыныбында облыстық байқауға қатысып, бас жүлдені иеленіп республикалық кезеңде «Алғыс хат» иеленді.

Иә, парасатты тұлға тәрбиелеу мақсатында заман талабына сай  «Тенгиз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасының ашылуы да «Балалар жылы» аталуымен тұспа-тұс келіп отыр.

  • Орта білім беру ше?
  • Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

            Жаңа оқу жылындағы негізгі басымдық төмендегідей:

✓ білім алушылардың білімін толықтыру;

✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;

✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.

Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.

«Сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады». Бұл ұстаным мен үшін бірінші кезекте, ал сапалы білім ол мектеп қабырғасынан басталады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарының жұмыс көрсеткіштері төмендегідей.

Аудан бойынша 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 699 оқушы бітірді.

Олардың 648, яғни, 92,7%-ы  ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.  «Алтын белгі»  белгісінің 50, «Үздік аттестат» 66  иегерлері бітірді.      301 бітіруші  түлек    43,6%-ы грант иегері  атанды.

Қоғам дамуының ең басты шарты — шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл ұстаздар тәрбиелейді. Ізденімпаз, жаңашыл, өз мамандығын жақсы меңгерген  мұғалімдерден биікті бағындыратын шәкірттердің де жыл сайын қатары көбеюде. 

2021-2022 оқу жылында білім сайысына қатысып, білмекке құмарлығын дамытып, ақылы мен күш – жігерін шыңдап, білім-ғылым үйренбекке талап қылушы оқушыларымыз облыстық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралуда:

  • 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық кезеңінде құқықтану пәнінен Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаттың 10-сынып оқушысы Қалаш Нұртөре 2-орын.
  • 5-6 сынып сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық кезеңінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында республикадан «Мыңшұңқыр» ЖОМ, 6-сынып Айтжанова Айдана номинация иеленді.
  • 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық кезеңінде Ө.Жәнібеков, Ш.Қалдаяқов, С.Әлиев, С.Құртаев, Жамбыл, С.Әшіров атындағы мектептердің дарынды балалары оқ бойы озық болып 10 орынды иеленсе, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы номинация иегері атанды.
  1. «Абай оқулары» байқауы негізінде 1 бағыт бойынша  жүлделі орындарды иеленді. «Абай оқулары» байқауының ақындық жанрынан 3-орын. Ш.Қалдаяқов м/г 11 – сынып оқушысы  Болысбек Даниал.
  2. «Ақберен» өнер байқауының ақындық айтысы жанрынан Сәуірхан Сұлтан номинация. Ш.Қалдаяқов М/Г, 10-сынып.
  3. «Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысында Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Сәуірхан Сұлтан 1-орын, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Болысбек Даниал 3-орынды иеленді.
  4. Республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары байқауынан Жамбыл мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Халықов Арон номинация;
  5. «Ілияс – эпик ақын» республикалық І.Жансүгіров оқулары байқауында поэманы мәнерлеп оқудан «Отырар» жалпы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Әбубәкір Мерейлім 1-орын.
  6. Республикалық «Мағжан оқулары» байқауында Сәуірхан Сұлтан 3-орын. Ш.Қалдаяқов М/Г, 10-сынып.
  7. Республикалық «Абай оқулары» байқауында Тасболатова Балнұр 2-орын. Ш.Қалдаяқов М/Г, 9-сынып.

                  

Облыстық «Ғылыми жоба-2022» байқауында орыс тілі пәнінен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нақыпбек Айша 2-орын, С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрланқызы Меруерт 3-орын, қазақ тілінен Жамбыл мектеп-лицейінен Меделханова Жанерке 3-орынды иеленді.

Өткен оқу жылының 4-тоқсаны аяқталғаннан кейін Жазғы мектепте білім алушылардың былтырғы оқу жылының олқылықтарын түзету мақсатында және оқыту дағдыларын жетілдіру жұмыстары ағымдағы жылдың 17 маусымға дейін жүзеге асырылды.

Жаңа оқу жылында біздің оқушыларымыз тек белгіленген мектеп формасымен келеді.

 

  • Аудан мектептері интернетке 100 пайыз қосылған ба?
  • Үй жағдайында интернетке қол жеткізе алмайтын оқушылар саны 2094 (17,1%) құрайды.

2G деңгейдегі интернеті бар 5 елді мекендегі (Шеңгелді, Сырдария, Сарыкөл,  Аққөл, Үштам) интернет жылдамдығын күшейту мәселесін (бұл деңгейдегі интернет жылдамдығы министрлік тарапынан белгіленген цифрлық білім беру платформалары үшін жарамсыз) шешу жұмыстары аудандық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірге   жүргізіледі деп күтілуде.

2022-2023 оқу жылында төмендегідей оқыту платформалары қолданылады:

«Күнделік»40 мектеп қосылған, яғни 100 пайыз дерлік қамтылған. (2500-мұғалім, 12000-оқушы, 180000-ата-ана);

«Online-mektep»40 мектеп , немесе, 100 %. Қосылған;

Биылғы оқу жылында онлайн білім білім беру платформаларының контенті педагогтар үшін маңызды болып қалады, күнделікті сабақта қатар қолданылатын болады. Оны білім алушылар мен педагогтер үшін барынша қолжетімді етуді қадағалайтын боламыз.

  • Ерекше балалардың білім алуы қай жолға қойылған?
  • Бүгінгі таңда аудан бойынша 0-мен 18 жас аралығында 681 мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың 46,8%, білім беру мекемелерінде 68,3%-ы инклюзивті білім берумен қамтамасыз етілген. Бұл салада білім бөліміне қарасты мекемелерде 18 мектепте 22 «Түзету дамыту сыныптарында» – 235 оқушы және «Логопункт» 12 мектепте  ашылып, онда – 186 оқушы білім алуда. Инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебінің базасынан ресурстық орталық ашылып, мүмкіндігі шектеулі балалармен  жұмыс жасауда.

-Кадр мәселесі туралы айта өтсеңіз…

— Әріптестер, жаңа оқу жылына дайындықтың тағы бір басты көрсеткіштерінің бірі – кадрлармен қамтамасыз ету. Қай саланың да жұмыс нәтижесі сапамен өлшенеді.

Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім – білім нәрін себуші.

Сапалы оқыту және өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудің ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау болып тұр.

Ауданда  жалпы 2164 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді.

Жаңа форматта сертификатталған оқытушы 11(0,5%)«педагог-шебер», 250 (11,5%) — «педагог-зерттеуші», 391 (31,2%) — «педагог-сарапшы», 267 (12,3%) -«педагог-модератор» санаттағы мамандарды құрайды.

 Санаттар бойынша сапалық құрам 78,5% құрады.

  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» – 132 мұғалім;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептер» Педагогикалық шеберлік орталығының базасында – 265 мұғалім:
  • Мектеп басшылары алдағы  уақытта Педагогикалық шеберлік орталығынан   6 айлық  біліктілік арттыру  курсынан өтетін  болады;
  • Қосымша мектепке дейінгі  мекемелердің әдіскерлері  мен  тәрбиешілері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан курстан өтетін  болады;
  • жалпы оқу орнын сыртқы бөлімде бітірген мұғалімдердің кәсіби және теориялық білімдері сын көтермейді;
  • оқушылардың білімдерін бағалауда бағалау нормативтері басшылыққа алынбайды, асыра бағалауды қолға алу керек;
  • оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына ешқандай да кедергі жоқ, яғни дарынды оқушылармен жұмысқа басшылық төмен;

Дегенмен, жаратылыстану, яғни негізгі пән мұғалімдеріне деген қажеттілік бар. Математика, физика.

-Биыл оқулық тапшылығы болды ма?

— Оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беретін мектеп кітапханасы  —  білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері.

Аудандағы 24  жалпы орта, 6  негізгі орта  мектепте  барлығы 30  кітапхана жұмыс істейді, кітапхана қызметкерлерінің саны  — 37.  Мектеп кітапханасында атқарылатын жұмыстардың нәтижелілігі, сапалы болуы тікелей кітапхана кадрларына байланысты.

 Сонымен қатар, оқушы санының өсуін ескере отырып, сатып алынған басқа да сыныптардың  (1,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптардың) жетіспейтін және ескі оқулықтарды жаңарту арқылы  толықтыру қамтамасыз етілді. Кітапханада  426343 кітап қоры бар, оның ішінде  275819  оқулық, 150524 көркем әдебиет бар.

2022-2023 оқу жылында облыстық бюджеттен 159 765 336 қаржы қарадып, 64412 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне тапсырыстар берілді

Жоспарға сәйкес биыл 30 мектептің кітапханасын модернизациялау қолға алынды.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер- ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай  болып қалыптасуына кітапхананың атқарар ролі зор. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  оқушылар арасында «Оқуға құштар оқушы», «Оқуға құштар отбасы» іс-шаралары өткізілумен қатар «Bookcrossing» , «Кітапханаға кітап сыйла!» акциялары оқушыларымыздың  өздері оқыған кітаптарын өзгемен бөлісуге мүмкіндік туғызды.

«Кітап-ақылына ақы сұрамайтын қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи. Осы орайда «Кітапхан» жобасы бойынша облысымзда ұстаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру негізінде Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаттың қазақ тілі мұғалімі Балжан Кәдірбек жүлделі 2-орын иеленді.

 Расында,  қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатса да бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық.

 Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, кітаптан табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады.

 

  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы айтып берсеңіз…
  • 2021-2022 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға іс-шара жасап, аудан мектептеріне таратылып берілді. Осы іс-шара негізінде мектептерде құқық бұзушылыққа қарсы арнайы жоспар құрылған. Оған қоса биылғы оқу жылында әрбір мектепте құқық бұзушықтың алдын алуға байланысты аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып,   арнайы  іс-шара жоспары жасалынған. Аудан аумағында кәмелетке  толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болған балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша ішкі істер бөлімімен тиісті жұмыстар жүргізілді. «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан тусын» деген халық даналығы. Елін сүйетін, елге адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеу жолында көптеген игілікті істер атқарылып келеді. Осы орайда, балалардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, келеңсіз жайларды азайту мақсатында білім беру мекемелеріндегі сыныптан тыс үйірме сабақтарымен қосымша білім беру ұйымдарына жасөспірімдерді тарту деп санаймын. Осыған орай, аудан бойынша 2021-2022 оқу жылында білім беру мекемелерінде 255 іс-шаралар өткізіліп, құқық бұзушылыққа байланысты рейдтік шаралар-155 болса, спорттық жарыстар – 55, мәдени іс-шаралар- 20, сауалнамалар, анкеталар  алу- 25 жұмыстар жүргізілді. Биылғы оқу  жылында облыстық  оқушылардың  “Балалар  жылы”  аясында  өткен  “Тұлпар мініп, ту алған” өнер фестивалінде  оқушыларымыз  үздік шығармашылығымен танылып, Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі  жүлделі  І  дәрежелі дипломымен  және 200 000  мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Отырар ауданында  қосымша білім беру ұйымдарының саны-4. Спорт саласына қарасты 2 мекеме. Жалпы қосымша біліммен 3897 бала қамтылып,  балалар санынан  28,3% құрайды. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында  «Дебат қозғалыстары», «Балалар және театр» жобалары іске асыруды қолға алуымыз керек. Жоба мақсаты-балалар мен жастардың мәдени оқу құзіреттілігін дамыту, жас ұрпақ бойына азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Театр –халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы деп білсек, театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсері оқушының өн бойына табылып жатса мақсатымыздың орындалғаны.
  • Жазғы лагерьге қанша бала барып демалды?
  • Түлкібас ауданы Келте — Машат ауылында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру демалыс лагері жазғы маусым айларында 5 ауысым бойынша 900 оқушыны (әр ауысымдағы оқушы саны – 180) қамтылды. Осы мақсатта облыстық бюджет есебінен  11  млн 200 мың теңге қаралып, игерілді. Сонымен қатар, оқушылардың жазғы  демалыстарын қызықты  өткізу  үшін  32 білім ұйымдарынан 2160 бала қамтылды. Соның  ішінде демеушілер есебінен  1000 оқушыларға  мектеп жанынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Республикадағы қала сыртындағы лагерлер,  санаторияларға      ата-аналардың  демеушілігімен — 3349 бала  барып денсаулығын жақсартты. Жалпы жазғы маусымда 6409 бала қамтылып,  орындалу пайызы -51,9%.

 

Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 40 мемлекеттік мектеп және 28 балабақша толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

 

  • Сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай бағытқа қойылған?
  • Аудандық білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, кешенді жоспар құрылды. Жоспарға сай: Педагогтар мен қызметкерлерді, мекеме басшыларын жұмысқа қабылдау smartnation.kz порталы арқылы  100%  автоматтандырылды; Балабақшаға кезеккке тұру және жолдама беру balabaqsha.smartnation.kz порталы арқылы   100%  автоматтандырылды; Жалпы білім беретін мектепке 1 сыныпқа  қабылдау mektep.smartnation.kz порталы арқылы    100% автоматтандырылды; Педагог қызметкерлерді және білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызмет түрі Smartnation.kz порталы арқылы автоматтандырылды.
  • Сұхбатыңызға рахмет! Білімді ұрпақ тәрбиелеуде істеріңіз жемісті болғай!

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.