
Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы қантты күлше шығаратын жаңа желісін іске қосты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа желінің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты.
Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша алынған.
Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес мармелад өндіретін жаңа желісін іске қосқан болатын.
Бүгінде фабрика 12 мың тонна қантты күлше және мармелад өндіреді.
Кәсіпорын заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған. Жоба аясында 130 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, 180 млн теңге субсидия берілді.
Мармелад, қантты күлше және басқа да кондитерлік өнімдерін ТМД, Европа және Азия елдерінің нарығына шығарылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
306723 471089Discovered your weblog and decided to have a study on it, not what I typically do, but this weblog is fantastic. Awesome to see a web site thats not spammed, and in fact makes some sense. Anyway, wonderful write up. 782102
450779 72557This is 1 really intriguing post. I like the way you write and I will bookmark your weblog to my favorites. 426156
972225 924599I found your weblog internet internet site on google and check some of your early posts. Continue to preserve up the superb operate. I just further up your RSS feed to my MSN News Reader. Searching for forward to studying extra from you in a although! 184724