«Рахат-Шымкент» фабрикасы жаңа желісін іске қосты

Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы қантты күлше шығаратын жаңа желісін іске қосты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Жаңа желінің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты.

Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша алынған.

Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес мармелад өндіретін жаңа желісін іске қосқан болатын.

Бүгінде фабрика 12 мың тонна қантты күлше және мармелад өндіреді.

Кәсіпорын заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған. Жоба аясында 130 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, 180 млн теңге субсидия берілді.

Мармелад, қантты күлше және басқа да кондитерлік өнімдерін ТМД, Европа және Азия елдерінің нарығына шығарылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.