Ресейлік журналистер шымкенттік құтқарушы туралы бейнесюжет дайындады

Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында жеті қазынаның бірі итті ажалдан арашалап қалған шымкенттік Берік Төлеметовтың жұмысы жайында «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналистері арнайы бейнесюжет дайындаған.


Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су басқан Мақтаарал ауданында аянбай еңбек етуде.

Төтенше жағдай департаментінің өкілдері мен азаматтары күн-түн демей көмектесіп, қолдан келгенін аямауда. Олар Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарында іздестіру-құтқару, тұрғындардың мүліктер мен мал-жандарын шығару жұмыстарына жұмылдырылған.

Азаматтардың арасында белсенді құтқарушы жігіт ерекше көзге түсті. Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында жеті қазынаның бірі итті ажалдан арашалап қалған шымкенттік Берік Төлеметовтың жұмысы жайында «Discovery Channel» телеарнасының ресейлік журналистері арнайы бейнесюжет дайындаған. Онда Беріктің еңбегі еленіп, ол туралы мәліметтер айтылған. 

5 жылдан бері құтқарушы қызметінде тер төгіп жүрген Берік қазір Фирдауси ауылын ірі қара және ұсақ малдардың өлекселерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ол күнделікті атқаратын құтқару жұмыстарын өз кәсібі мен міндеті деп санайды. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.