Референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың кепілі – сарапшы

Шымкент қаласында тұрғындар АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр.

Дауыс берген сарапшы, саясаттанушы Сәуле Рысбаева референдум жайлы өз ойымен бөлісті.

«Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз.

Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр.

Мемлекет өмiрiндегі аса маңызды мәселеге арналған бүкiлхалықтық дауыс беру — болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл биліктің халық пікірімен санасуы, үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін.

Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін, жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады.

Референдумға қатысып, қоғамға үн қосу арқылы еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күнде жұдырықтай жұмылуға шақырамын!»,-деді саясаттанушы, сарапшы — Рысбаева Сәуле.

Шымшаһарда қоғам қайраткерлері де референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданындағы «Тұлпар» балабақшасында №218 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған учаскеге қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев пен Шалатай Мырзахметов отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

–Бүгін халқымыз атом электр станциясының құрылысына байланысты маңызды шешім қабылдайды. Бұл еліміздің болашақ эқоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шешім болмақ. Халқымыз ынтымақ-бірлігін көрсетіп, еліміздің болашағына оң әсер ететін шешім қабылдайы деп сенемін, — деді Ш.Мырзахметов.

Ал, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ел тағдырына жаны ашитын азамат ретінде референдумға белсенді түрде қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келгенін айтады.

Айта кетейік, Шалатай Мырзахметов – қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымдағы депутаты болса, Орынбай Рахманбердиев – үшінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, халықаралық байланыстар, қауіпсіздік және қорғаныс ісі комитетінің мүшесі болған.

Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады.

Ел басшысы да референдума өз дауысын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin