Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Толыбай батыр атындағы № 66 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскер үйлестірушісі Салима Рсымбетованың ұйымдастыруымен негізгі зерттеуге дайындық жұмыстары бойынша 05.10.2022 жылы “Мектептерге арналған PISA» тақырыбында аудандық іс-тәжірбие алмасу мақсатында семинар өткізді. Бұл семинарда Салима Рысмбетова ақпараттық талдау орталығында іріктелген негізгі 27 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып , PISA – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 ,3 ай жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқу сауаттылығын бағалау туралы өзара тәжірибесімен бөлісті . Тәжірибе алмасу барысында № 58 Ә. Марғұлан жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Нарынова « PISA- Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Мұнда PISA-2022 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстары бойынша мектепішілік іс -шаралардың кестесі құрылып, сол бойынша 15 жастағы балалардың тізімдерін анықтап, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне жоспар бойынша тапсырмалар берілу керектігін айтып өтті .
№28 Абылайхан ж.о.м физика пәні мұғалімі Айнұр Орынбаева «Физиканы оқытуда PIZA тапсырмаларын тиімді қолдану жолдары» атты баяндама оқыды. №20 Амангелді жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Худжамкулова Нуржамал « PISA тапсырмаларын пәнге кіріктіру арқылы білім алушылардың SOFT, SKILLS дағдыларын дамыту» тақырыбында баяндама оқыса, №24 Ж.Сүлейменов ж.о.м биология пәні мұғалімі Бейсембаева Сания « Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша, Халықаралық зерттеулердің ерекшіліктері» тақырыбында баяндама оқыды. № 27 Шәкарім мектебінің химия пәні мұғалімі Абжанова Лаззат «Пиза тапсырмалар үлгісі» атты баяндама оқыды. №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернатының химия пәні мұғалімі Жанабаева Диляара «Химия сабағында PIZA тапсырмаларын қолдану» баяндамасын оқыды.
Ұстаздардың басты мақсаты оқушыларды жалпы математикалық сауаттылық, оқу сауаттылық, жаратылыстану сауаттылық , математикалық сауаттылық пәндері бойынша дайындыққа басымдық беру керектігі айтылды.