
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Осы орайды Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты №13 жалпы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдері қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл-ұлттық қазына» атты тілдер мерекесін атап өтті. Іс-шарада оқушылар Ахмет өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, көрініс көрсетіп, театрлық қойылым қойды. Аталған іс-шараға мектеп директоры Алиева Мереке Кежетайқызы қатысып, мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты мереке.
615589 153937Hello, Neat post. There is actually a difficulty together with your web site in internet explorer, could test thisK IE nonetheless may be the marketplace leader and a large portion of individuals will leave out your outstanding writing due to this dilemma. 740714
90452 438328I visited plenty of web site but I conceive this one contains something special in it in it 283835
136148 46666Merely wanna state that this really is quite beneficial , Thanks for taking your time to write this. 582205