Сайрам: Арнайы мобильдік топтар шектеу шараларын 24/7 бақылауда

Сайрам ауданының басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудандық мобильді топ жетекшісінің орынбасары Т.Сәулембай, аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары С.Ботабеков бастаған мобильді топ Көлкент, Ақсукент, Қарабұлақ ауылдарындағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, нысан иелеріне бірқатар ескертулер жасады.


Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныстар жолданды.

Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арнайы мобильдік топтар шектеу шараларын 24/7 бақылауда.

Аудандық полиция басқармасы мобильді топ мүшелері карантин талаптарын сақтамай, заңбұзушылыққа барған

нысан иелеріне ҚР ӘҚБт Кодекстің 425 бап 1 бөлігіне сәйкес хаттама — акт толтырды.

Ауылдық округтерінде демалыс күндері жұмыс істеуіне тиым салынған нысандар өз жұмысын тоқтатар емес. Заңға бағынбағандарға шара көрілуде.

Айиа кетейік, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты шаралардың күшейтілетіні аудан кәсіпкерлеріне алдын-ала ескертілген.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.