
Ауылдық округ бойынша осы он күн көлемінде атқарылған жұмыстардың жайын аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлына бөлім басшылары баяндады.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы да қатысты.
Өзіңіздің берген тапсырмаңызға және бекітілген онкүндік іс-шара жоспарына өзгерістер енгізіліп, алғашқыда дербес бөлім басшыларымен 87 іс-шара жоспарланса, оның саны 30-ға қысқартылып,бекітілді. Қосбұлақ елді мекені, Ащыбұлақ көшесіне электр бағаналары мен электр трансформаторын орнату және Пахтазарибтар көшесі бойынша электр бағаналарын ауыстыру үшін сметалық құжаттары дайындалды. Аудандық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі тарапынан 5 іс-шара жоспарланса, оның саны 1-ге қысқарып, жоспар толық орындалмады. 21 орынға жаяу жүргіншілер өткелі сызылды, алайда жол белгілері орнатылған жоқ. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша үйіргелік жерлеріне тамшылатып суғару әдісін орнатуға 6 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына грант беріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді «Greenpoint» бағдарламасы бойынша 2314 азаматтың құжаттары (108%) бағдарламаға енгізілді. Жалпы 30 іс-шараның 28-ғ орындалды, 1-і толық орындалмаған, 1-орындалмаған. — деп баяндады аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев
Дербес бөлімдердің атқарылған жұмыстарын аудан басшысы сынға алды.
Ауылға барып жағдайын өз көзіңмен көріп, не жұмыс атқару керек екенін зерделеу керек. Ауылдың ажарын кіргізуді ешкім ойламайды. Көзге көрініп тұрған еш жұмыс жоқ. «Айта айта алты айды Жамал апа қартайды» осы сөзге келіп тірелуде жұмыстардың барлығы. Біздің бөлім басшылары әлі де болса жауапсыздықпен қарайсыздар да, білмеймін сауат жетпейма әлде совсем бастық болып кеттіңіздерма. Айтып үйретуге тырысамын бірақ қорытынды шықпауда, -деді аудан басшысы Уласбек Садибеков.
Жиын соңында аудан басшылығы онкүндік барысында белсенділік танытқан тұрғындар мен қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, осы онкүндік аясында жеке қабылдауға жалпы 26 ауыл тұрғыны келген, салаларға қатысты 31 сұрақ қойылды. Ауыл тұрғындарының сауалдарын аудан әкімі, бөлім басшылары тыңдап, тиісті шешім шығарылды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
551661 367953I feel this internet site has got really great indited written content material articles . 152535
I am extremely impressed along with your writing
talents as smartly as with the format in your
blog. Is that this a paid topic or did you modify it
yourself? Anyway keep up the nice quality writing, it’s rare
to see a nice weblog like this one today. Youtube Algorithm!
20773 502167Right after study some of the weblog posts on your personal site now, we truly like your way of blogging. I bookmarked it to my bookmark web web site list and are checking back soon. Pls consider my web-site likewise and make me aware in case you agree. 648905
954840 538409I got what you mean ,bookmarked , really good internet website . 369981