Сайрам: «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында бүгін Көлкент ауылдық округіндегі онкүндік қорытындыланды

Ауылдық округ бойынша осы он күн көлемінде атқарылған жұмыстардың жайын аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлына бөлім басшылары баяндады.


Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы да қатысты.

Өзіңіздің берген тапсырмаңызға және бекітілген онкүндік іс-шара жоспарына өзгерістер енгізіліп, алғашқыда дербес бөлім басшыларымен 87 іс-шара жоспарланса, оның саны 30-ға қысқартылып,бекітілді. Қосбұлақ елді мекені, Ащыбұлақ көшесіне электр бағаналары мен электр трансформаторын орнату және Пахтазарибтар көшесі бойынша электр бағаналарын ауыстыру үшін сметалық құжаттары дайындалды. Аудандық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі тарапынан 5 іс-шара жоспарланса, оның саны 1-ге қысқарып, жоспар толық орындалмады. 21 орынға жаяу жүргіншілер өткелі сызылды, алайда жол белгілері орнатылған жоқ. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша үйіргелік жерлеріне тамшылатып суғару әдісін орнатуға 6 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына грант беріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді «Greenpoint» бағдарламасы бойынша 2314 азаматтың құжаттары (108%) бағдарламаға енгізілді. Жалпы 30 іс-шараның 28-ғ орындалды, 1-і толық орындалмаған, 1-орындалмаған. — деп баяндады аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев

Дербес бөлімдердің атқарылған жұмыстарын аудан басшысы сынға алды.

Ауылға барып жағдайын өз көзіңмен көріп, не жұмыс атқару керек екенін зерделеу керек. Ауылдың ажарын кіргізуді ешкім ойламайды. Көзге көрініп тұрған еш жұмыс жоқ. «Айта айта алты айды Жамал апа қартайды» осы сөзге келіп тірелуде жұмыстардың барлығы. Біздің бөлім басшылары әлі де болса жауапсыздықпен қарайсыздар да, білмеймін сауат жетпейма әлде совсем бастық болып кеттіңіздерма. Айтып үйретуге тырысамын бірақ қорытынды шықпауда, -деді аудан басшысы Уласбек Садибеков.

Жиын соңында аудан басшылығы онкүндік барысында белсенділік танытқан тұрғындар мен қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, осы онкүндік аясында жеке қабылдауға жалпы 26 ауыл тұрғыны келген, салаларға қатысты 31 сұрақ қойылды. Ауыл тұрғындарының сауалдарын аудан әкімі, бөлім басшылары тыңдап, тиісті шешім шығарылды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.