Сайрам: Мобильді топтар жұмысын үздіксіз жалғастыруда

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам ауданы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысының орындалуына қатысты шаралардың күшейтілетіні аудан кәсіпкерлеріне алдын-ала ескертілген.


Алайда, бүгінде Қарасу ауылдық округіндегі «Қарасу» демалыс аймағы шектелген жұмыс уақытына ( Ashуq бағдарламасы сәйкес 09.00 — ден 20.00 — ге дейін) қарамай келушілерді қабылдауда. Заңға бағынғысы келмейді. Онымен талай адамның денсаулығына зиян келтірмесіне кепілдік жоқ.

Аксукент округіндегі Қарабұлақ тас жолы бойында орналаскан “Даймонд” демалыс кешені де ( “Ashуq Лидер” бағдарламасымен 9:00-22.00дейін) шектелген уақыттан тыс жұмыс істегені анықталды .

Карантин шектеулерін өрескел бұзып, Лаундж бар емен-еркін адам қабылдаған. Соған қарамай, тексерушілерге есігін ашпай, қарсылық көрсетті.

Заңбұзушылыққа жол берген жағдайда режимді бұзғанда жауапкершілікке тартыларын ескергісі келмейтіндер азаймай тұр. Мобильді топ көптеген нысандардың жұмысын тоқтатып жапса да, қайта бастап жатқандар бар.

Аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелері анықтаған карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеген Айнур Егамбердиеваға ҚР ӘҚБт Кодекстің 425 бап 1 бөлігімен кәсіпкерлік субъектіге қатысты мобильді топ төрағасы Мадияр Оразалиевтің өзі акт толтырды. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.