Сайрам ауданының тазалығы әкімнің тікелей назарында

Аудан әкімі Ұ.Сәдібековтің төрағалығымен 2021 жыл басында және мамыр айында өткен жиналыстарында «Барлық елдімекендерде тазалық жұмыстары жүргізілсін» және «Барлық ауылдық округтерінде санитарлық тазалық, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, ретке келтірілсін» деген тапсырмалар берілген болатын.


Бүгінгі таңда барлық ауылдық округ аумақтарында бей-берекетсіз қоқыстарды алу жөнінде мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, жеңімпаздар анықталған.

Дегенмен, аудандағы саниатарлық-тазалық жағдайын зерделеу барысында ауылдық округ әкімдерінің тарапынан елдімекендердің экологиялық жағдайы бойынша жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмей, тапсырманы орындауға басшылардың немқұрайлылық танытқаны анықталды.

Атап айтқанда, бүгінде ретсіз қоқыстарды алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде жеңімпаз болып танылған мекемелердің жұмысы өте төмен деңгейде жүргізілген. Ауылда көше бойларында, шеттерінде, ауылдар арасында қоқысқа толы орындардың көбі анықталды.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерден шығарылған реттік қоқыстарды тасымалдау кестесі бұзылып, ұзақ уақыт алынбай келеді.

Тұрғындар арасында аумақтарды таза ұстау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, «Аудан аумағына қарасты ауылдық округі тұрғындарының қоқыстарын, тасымалдау қызметін көрсететін мекемелердің қатысуымен елді мекендердің санитарлық тазалығы жөніндегі жиындарын ұйымдастыру» кестесі бекітілді. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.