Сайрам: Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында білім мен ғылымды дамыту және Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.


Жиынды кеңес төрайымы, Оңтүстік Қазақстан индустриялды инновациялық колледжінің директоры – Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Сайрам аудандық адами әлеуметті дамыту бөлімі басшысы Шадиева Құралай Балтабайқызы жаңа оқу жылына дайындық барысы мен ағымдағы жылдың 7 айында атқарған жұмыстар есебі тыңдалды. Баяндамашы жалпы мектептердің жаңа оқу жылына қарсы дайындығы жайында қамтыды. Бөлім басшысының баяндамасына сәйкес, бөлімге қарасты өткен оқу жылында 175 білім мекемелері жұмыс істеді, оның 76-сы мектеп, 99-ы мектепке дейінгі ұйым және 3- қосымша білім беру мекемесі. Биылғы жылы желідегі өзгеріс Көлкент ауыл округіне қарасты Ақсуабад елді мекенінде жаңа №76 ЖОМ-і іске қосылады, және өткен оқу жылында ашылған «Оқушылар Үйі» биыл оқушылар қабылдайды. Жалпы: мектептер-77, қосымша білім мекемелері-4, мектепке дейінгі ұйымдар — 99 жұмыс атқарады. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша биыл №14 Сапарбаев ЖОМ мен №61 С.Базарбаев ат.НОМ-ң 300 орындық қосымша құрылыстары аяқталып, іске қосылады. Аудан мектептерінде індетке қарсы вакцина қабылдау басты назарға алынған және кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ағымдағы жылы 1 наурыздан бастап мұғалімдерге және медициналық ұйымдардың басқа да бөлімдерінің қызметкерлеріне екпе салынуда. Бүгінгі таңда бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің 9263 педагогтарының 8336 індетке қарсы вакцина қабылдады. Ал 919 педагогтың созылмалы аурулары бары және басқа да санаттағы азаматтар екендігі анықталды және 985 педагог 1 қыркүйекке дейін қабылдауды жоспарлаған.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 23.04.2021 жылғы №179 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамашыға кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар түсті. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Сайрам аудандық адами әлеуметті дамыту бөлімі жаңа оқу жылына дайын екендігін жеткізді және кеңес мүшелері тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.