Сайрам: 1480 абонент таза және сапалы ауыз сумен қамтылмақ

Сайрам аудандық Нур Отан партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты, және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаевтар Қарасу және Ақсукент ауылдық округіне қарасты Әйтекеби елді мекені, жаңақұрылыс аумағындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Бүгінде ауыз су жүйесін жүргізу үшін, үш мердігер мекеме анықталып, яғни «Баймен» ЖШС-сы, «Данекер» ЖШС-сы, «СК-Максимум» ЖШС-сы,тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Партия өкілдері құрылыс барысымен танысып, әрбір нысанды жеке-жеке аралады. Сондай-ақ, арнайы су жинап, тарататын нысанның басына барып, ауыл тұрғындарымен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ертеңнен бастап 490 абонентке ауыз су берілетіндігі айтылды.

Қазіргі таңда 490 абонент ауыз сумен қамтылады. Жалпы 104 км жерге ауыз су құбыры тартылып, желтоқсан айының соңына дейін кезең кезеңімен 1480 абонент ауыз сумен қамтылмақ. Кездесу соңында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, барлық тұрғындарға бірдей жоғары деңгейдегі жағдай жасалатындығын және құрылыс бөлімі тарапынан жұмыс сапасын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті. Ал өз кезегінде бұл жұмыстардың барлығы Партиялық Бақылау комиссиясының назарында болмақ. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.