Салауатты өмір салты: Шымкент жастары профилактикалық іс-шара ұйымдастырды

Шымкент жастары салауатты өмір салтын насихатту, короновирус инфекциясының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.


Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен ерікті жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді. 

Аталмыш шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою және халық арасында короновирустық инфекцияның алдын алу болып табылады. 

Іс-шара барысында халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, соның ішінде Әл-Фараби алаңы, Арбат және «Шымкент Плаза» ойын-сауық орталығының алдында, қаланың негізгі Тәуке хан даңғылы, Б.Момышұлы мен Түркістан көшелерінің бойында тұрғындарға арнайы «Есірткіге жол жоқ!» жазуы бар 3000 дана бетперделер таратылды. 

Қала тұрғындары полицейлердің бұл бастамасын оң көзқараспен қабылдап, оны міндетті түрде тағатындарын айтып, өздерінің алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта аталған іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.