Сарыағаш ауданы: Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша аппарат мәжілісі өтті

Сарыағаш ауданында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аппарат мәжілісі өтті.


Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалық етуімен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжілісте 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Анарбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК директоры Н.Алданазаровтың аудан аумағындағы ағын су жүйелерінің жағдайы және вегетациялық мерзімде ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Барлық мәселелер тыңдалып, қорытындысымен аудан әкімінің орынбасарларына, ауылдық округі әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, жандандыруды және қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып тұрған ағын су тапшылығын жою мақсатында кезекпен су беру іс-шараларын тез арада жүзеге асыру туралы нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.