Сарыағаш ауданы: Мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен аудандық жарыс өтті

Елбасымыз «Мемлекеттік қызмет-ұлтқа қызмет етудің синонимі» — деп айтқан. Сол себепті ұлтқа қызмет жасау үшін кәсіби біліктілігі, білімі ғана емес, тән саулығы да маңызды.


Осыны ескере келе 23-маусым мемлекеттік қызметкерлер күніне орай сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Сарыағаш ауданы әкімдігі ұйымдастырған жарысқа жалпы 24 мемлекеттік қызметші қатысты.

Жарыс қызықты әрі тартысты өрбіді. Мемлекеттік қызметшілер белсенділікпен қатысып, өздерін жаңа қырынан танытты. Іс-шараның қорытындысы бойынша, Көктерек ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Самат Түлкібаев бірінші орынды иеленсе, екінші орын Қапланбек ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Сержан Налибаевқа бұйырды. Ал Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр) қызметі бөлімшесінің қызметкері Ілесбек Ахмет үшінші орынды иеленді.

Жарыста үздік деп танылған спортшыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту болып табылады. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.