Саудан ауданының әкімі бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстарын жіті қадағалап отыр

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дербес бөлім басшылары мен мамандарының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев және бөлім басшылары мен қызметкерлері толық құрамда қатысты. Әр бөлімді жеке қабылдаған аудан әкімі олардың атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларына бақылау жүргізді.

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, экономика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің басшылары атқарылып жатқан жұмыстарын кеңінен баяндады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылыту маусымына дайындықтары мен ауылдық округтерді абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстардың есебін беріп, жоспарларымен бөлісті.

Күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша жасалған баяндамаларды жіті тыңдаған аудан басшысы жұмыстарына бірқатар ескертулер берді. Алдағы уақытта берілген хаттамалық тапсырмаларға немқұрайлы қарап, бекітілген мерзімде орындамаған барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігі қаралып, қатаң шаралар көрілетінін ескертті.

«Ауданды көркейту, оның дамуына үлес қосу — ортақ іс. Сондықтан, алға қойылған жоспардың нәтижелі орындалуы, жұмыстың сапасына, жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Өңіріміздің дамуы бір адам немесе бір басшыға байланысты емес, ол бірігіп жасалған жұмыстың нәтижесінде көрінеді. Сондықтан осы жиынға қатысып отырған барлық бөлім басшылары мен мамандар өздерінің тиісті жұмыстарын атқарып, қарамағындағылардан жауапкершілік пен нәтижелі жұмысты талап етсе, көзделген нәтижеге қол жеткіземіз» , — деді аудан әкімі.

Жиын барысында ауданды дамыту бағытында әзірленген жобалар көрсетіліп, жан-жақты ұсыныстар қаралды. Әзірленген жобаларға көз жүгірткен аудан басшысы тиісті сала басшыларына өзгерістер мен ұсыныстарды егжей-тегжейлі тағы да пысықтап шығуға нақты тапсырма берді.

Ал қазанның 21-інде Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Онда Иассы және Қарашық ауылдық округтерінің индустриалды аймақтарындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы ауылдық округ әкімдері Сыздық Пірметов, Сәкен Оразбаев, Үшқайық ауылдық округіндегі балық шаруашылығы бойынша атқаралып жатқан жұмыстары туралы Үшқайық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Болат Әлжанов баяндама жасады.

Сонымен қатар, инвестициялық жобалардың жыл соңына дейін орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Айдос Байжанов, «Сауран-Су» МКК мекемесі абоненттерінің ауыз суға төлемдерінің орындалуы бойынша мекеменің басшысы Мұхит Пірімбетов хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin