Сауран аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізіп отырды.

Сессияға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 12 мәселе қаралды.

 1) Сауран ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі;

 2) Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебі;

 3) Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебі;

 4) Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есебі;

 5) Төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмыстарының барысы туралы;

 6) Сауран ауданы білім бөлімінің 2024-2025 жылдардағы оқу жылына дайындық барысы бойынша атқарған жұмыстары туралы;

 7) Иассы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі;

8) Шорнақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі;

 9) Майтантал ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі;

 10) Бабайқорған ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі;

 11) Сауран ауданы әкімдігінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының есебі;

 12) Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы №74 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Сауран ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

 Сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге қолдау көрсеткені үшін депутаттарға алғысын білдірді.

  «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin