Созақ: Мемлекеттік қызметшілер киелі жерде болды

Созақ ауданы бойынша жергiлiктi аткарушы органдарынын Әдеп жәнiндегi уәкiлi Оразов Калдыбек Әбілдаұлы ұйымдастыруымен мемлекеттiк қызметшiлердiң қатысуымен Қаратау ауылдық округiне қарасты Ақсүмбе елді мекенінде орналасқан Ақбикеш мұнарасында болды.


Ақбикеш мұнарасы — Қаратаудың батыс сілемдерiндегi Ақсүмбе кентінен оңтүстiкке қарай орналасқан биiк жота басындағы тарихи ескерткіш Ақсүмбе мұнарасы жергiлiктi маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тізіміне енгізілген.

Мұнара «Ақсүмбе» деген атпен тарихшы Шараф әд-дин әл-Жүздiнiң «Зуфар-намесiнде» («Жеңiс кiтабы») Әмір Темiрдiң 1389-90 жылдардағы Тоқтамысқа қарсы жорықтарын сипаттағанда Дешті Қыпшақ даласын бақылап отыру үшін Қаратау шыңына салынған қарауыл мұнарасы ретінде айтылады. Мұнара Ақсүмбе ауылының оңтүстік-батысындағы Қаратау қойнауынан бастау алған Ақсүмбе өзені аңғарының таудан шығаберісіндегі 200 метрдей биiк жотаның үстiне тұрғызылған. Мұнараның іргетасы текше тастармен қаланып, жоғары жағы толығымен қам кесекпен өрiлiп шыққан. Мұнараның солтүстік-шығысында төбесiне шығатын есiгi бар. Есіктен кiрген адам төбесiне бұрғы басқышпен айналып шығады. Бірінші айналмадан өтiп 3,5-4 метрдей биіктеген соң, бір адам еркін тұратын және айналаға ешқандай кедергiсiз қарай алатын солтүстiкке қараған терезе кездеседі. Терезеден Шу өзені бағытындағы мидай жазық даладағы тіршілік алакандағыдай анық көрiнедi. Терезе жанындағы бұрғы басқышпен жоғары өрлеп, екінші айналымға көтерілгенде 6-6,5 метрдей биiктiкте оңтүстiкке қараған екiншi терезе кездеседі. Бұл арадан оңтүстік беткейдегі тау аңтары мен оның қойнауы анық көрiнедi. Осы арадан бастап жоғары көтерiлетiн бұрғы басқыш бұзылып, жоғары көтерілуге мүмкiн болмай қалған. Екінші терезе мен мұнараның төбесіне дейінгі арақашықтық шамамен 5,5-6 метрдей. Қар мен жаңбыр суынан, биік шоқы басындағы таудан соққан самал салдарынан мұнараның оңтүстiк батысының тең жартысына жуығы мүжiлiп құлаған. Мұнара арасын ірі қиыршық тастармен толтырып жасаған iргелiктiң үстiне шикi кiрпiштен тұрғызылған. Жота басында ақ керiш топырақтан құйылған қам кiргiштен тұрғызылған мұнараны жергілікті халық «сүтке илеген, арасына ту биенiң құйрығын турап салған» дейді. Пішiмi жұмыр. ХІІ ғасырда салынған деген дерек бар. Қазiргi тұргандағы мұнара биiктiгi 12 метрдей. Жалпы іргетасының диаметрі 14 метр болса, бүгiнде қалғаны – 9 метр. Мұнара басында тып-тынық күннiң өзiнде жел қатты есіп тұрады. Мұнара орналасқан төбенiң етегiнде ескi бекiнiс жайдың орындары сақталған. Ол жай созылып барып, қазіргі Ақсүмбе елді мекеніне жалғасады. Қазiргi таңда аксүмбелiктер Ақбикеш мұнарасына махаббаттың символы ретінде қарайды. Осы күнге дейін жеткен әртүрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш арудың есімімен байланыстырады. Бiрiнде Ақбикеш ертеде есiмi ел құлағына шалынған ерке қыз болған екен. Қосыла алмаған ғашығын осында жерлеп, қырық жыл қайыр тілеп, басына осы күмбез мұнараны соқса, екiншiсiнде Алшын руының аяулы қызы екен дейді. Ел шетіне жау тигенде алты ағасымен қатар аттанып, қанды жорықта ел азаттығы үшiн жау қолыннан мерт болыпты. Халық оны ардақтап, арулап төбе басына жерлейді де, есiмiн мәңгi есте сақтау үшін және моласын ашып, жаулары денесiн қорлай алмастай етiп үстiне мұнараны тұрғызған екен.

«Ақбикеш» мұнарасы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштердiң мемлекеттiк тізіміне енгізілді. «Ақбикеш» мұнарасына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты демеушiлер тарапынан 2,0 млн теңгеге ЖСҚ дайындалып, 2020 жылы «Казреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесiнiн Қызылорда филиалы тарапынан калпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.