Токио Олимпиадасында түркістандықтар ел намысын қорғайды

Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Ел намысын 6 дзюдошы қорғайды.


Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады. Бұл тізімде Түркістан облысының саңлағы 81 келіде күш сынайтын Дидар Хамза да бар. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолдаманы құрлықтық квота бойынша иеленді.

Сонымен түркістандық спортшылар қоржынында 5 жолдама.

Атап айтсақ: Бокстан Сәкен Бибосынов, байдаркада есуден Наталья Сергеева, академиялық есуден Владислав Яковлев және параканоэден Бибарыс Спатай.

Айта кетейік, тура бір айдан соң Токиода дүйім дүниенің дүбірлі додасы – жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады
Токио Олимпиадасының ел есінде қалатын тағы бір тұсы, шетелдік жанкүйерлердің болмауы. Індетке байланысты әлем халқы спорт саңлақтарының өнерін тек теледидар арқылы тамашалай алады. Жаһандық жарысты көзбен көру мүмкіндігі жапон жұртына ғана бұйырып тұр. Соның өзінде шектеулер жоқ емес. Трибуналар тек жартылай толы болуға тиіс. Бір қызығы, стадионда кірген жанкүйерлердің ұрандатып, қолдау көрсетуіне рұқсат жоқ. Соған қарамастан, соңғы 5 жылдықтың дүбірлі додасында кімде-кім болса да, өз спортшысы үшін тақым қысатыны айтпаса да түсінікті. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.