ТҮРКІСТАНДА ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

22-23 қыркүйекте Түркістанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXXV-ші отырысы өтеді.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара 1992 жылғы 26 маусымда құрылған кеңес шеңберінде ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының 30 жылдығы белгісімен өтеді. Достастықтың 10 елі — Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина халық денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Кеңестің мақсаты халықтың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту, халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, фармация, медицина ғылымы мен техникасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту және нығайту саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.

Бұл отырыс 2022 жылы Қазақстан Республикасының ТМД-ға төрағалығы шеңберінде өткізіледі.

Іс – шараның мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының денсаулығын қорғау ісіндегі ынтымақтастықты жандандыру болып табылады.

Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. ТМД-ның 11 елінен барлығы 70-ке жуық қатысушы болады.

Іс-шараға қатысушылар қант диабетінің, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудегі, туберкулездің таралуының алдын алудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Отырыс аясында қозғалатын көптеген сұрақтар COVID-19-ға қатысты осындай тақырыптарға арналады: коронавирустың өршуі кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау, пандемия уақытында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлердің эмоционалды күйзелісі, сондай-ақ COVID -19-бен ауыратын науқастардағы психикалық бұзылулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қалпына келтіру.

Отырыста сондай-ақ ұлттық қан қызметтерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, ТМД аймағында тұрақты даму мақсаттарын орындау, инфекциялық емес аурулардың алдын алу және емдеу, цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру және т. б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, отырыста Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдаудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 161789 370103Id should talk with you here. Which is not some thing I do! I spend time reading an article that could get folks to feel. Also, appreciate your allowing me to comment! 717198

Добавить комментарий для 1win apk Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.