ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

“ҰСТАЗ ЖОЛЫ — ҰЛЫ ЖОЛ”. Дәл осындай тақырып аясында “Мұғалімдер” күніне орай мерекелік концерт өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

“Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге –саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді” ,- деді Облыс әкімі.

Жиын басында сөз алған облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісіп,елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы қызмет етуінің жемісі екенін атап өтті.

“Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республикадағы 7500 мектептің «100 үздік мектебі» тізіміне облысымыздың 11 мектебі енді. Оқушыларымыз 6 халықаралық, 24 республикалық білім сайыстарына қатысты. Додалардан 25 алтын, 32 күміс, 64 қола медаль иеленді. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысы да табысты өтті. Түркістан облысының оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте I орынға ие болды. Бұл – үлкен мақтаныш”.

Мерекелік шара «Ұлы ұстаз – Әл-Фараби» сахналық қойылымымен жалғасып, ардагер ұстаздарға да құрмет көрсетілді. Әуезді әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің өнері дүйім жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.