Татарстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы төрағасының орынбасары Ахматов Марат бастаған бір топ бизнес өкілдері облыстың инвестициялық мүмкіндігімен танысу үшін Түркістанға келді.
Сапар аясында делегация Түркістан қаласында орналасқан индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен инвестициялық жобаларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктері жөнінде баяндама тыңдап, “TURKISTAN Textile” тігін фабрикасының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ татарстандық бизнес өкілдері түркістандық инвесторлармен және ауыл шаруашылығы саласындағы іскер азаматтармен кездесулер өткізді.
Hi there everyone, it’s my first pay a quick visit at this
site, and piece of writing is really fruitful in support of me, keep
up posting these posts.