ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР БАЙҚАУЫН ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

6 қазан күні сағат 10:00-де Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының концерт залында «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалі аясында эстрадалық ән байқауы өтеді.

Өнер байқауының мақсаты — шығармашыл, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, сонымен қатар эстрадалық ән өнерін дамытып, руханиятымызды көтеру мақсатында қазақ композиторларының шығармаларын заманауи бағытта жаңғырту.

8-16 жас аралығындағы 38 үміткер өнер сайысының іріктеу кезеңіне (онлайн форматта) өтінім білдіріп, ұйымдастыру алқасымен іріктелген 14 үміткер байқауға жолдама алып отыр. Байқауда қатысушылар екі шығарма, яғни Қазақстан композиторларының әндерін және өз таңдауы бойынша (еркін тақырыпта) бір шығарма орындауы шарт.

Бұған дейін аталмыш фестиваль аясында 1 маусым – Балалар күні мерекесіне орай «Кел, билейік!» бишілер байқауы және 8 шілде күні «Менің туған жерім» атауымен жас суретшілер байқауы өтіп, жеңімпаздар анықталған болатын. Сонымен қатар қазан айының 20-на «Бабадан қалған асыл сөз» атты термешілер байқауын өткізу жоспарлануда.

Жас ұрпақтың бойына мейірімділік, құрмет, толеранттылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі болашақта дәстүрлі түрде өз жалғасын таппақ.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.