ТҮРКІСТАН: БИБОЛАТТЫҢ АРМАНЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНУ

Спорт-қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, спорт-барлық тәрбие атаулының бір саласы. Елімізде осы қағиданы ту еткен спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Облыс тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Үшбұлақ елді мекеніне қарасты Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, мектеп директоры О.Салыбаевтың басшылығымен «Үшбұлақ бокс» клубы ашылып, бірқатар елеулі жетістіктерді көрсетіп отыр.

02-10 қазан аралығында Арыс қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Қосмамбетов Нұржан Төлебекұлын еске алуға арналған Республикалық ашық біріншілігінде 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында тартысты турнир өтті. Республикалық турнирге 173 боксшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде боксшылар өнер көрсетті. Олардың ішінде ерекше көзге түскен Қазығұрт ауданы Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Аманелдиев Биболат. Ол 66 кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленді. Тартысты бәйгенің бірінші күнінде спортшы Отырар ауданының спортшысын, екінші күні Арыс қаласының спортшысын, үшінші күні Кентау қаласының спортшысын жеңіп жарыстың чемпионы атанды.

Қазақ елінің көк туын желбірететін спортшыларымыз көп болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.