ТҮРКІСТАН: Біз де жас болғанбыз…»

Ұлы дала елі” музейінде қалалық мәслихат депутаты Рая Серікбайқызының ұйымдастыруымен «Біз де жас болғанбыз» атты сахналық қойылымы ұстаздар мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарға қойылды.

Қаламызда Рая Серікбайқызы басқарып отырған М.Мәметова атындағы мектептің жас мамандары қойылымдағы рольдерді сомдап, өнерлерін ортаға салды. Әннен шашу шашып, өлең жолдарын да арнады. Ардагер ұстаздардың сағым жылдарындағы жылы естеліктерін көркем түрде жеткізге білді.

Егемен елдің болашағын нұрландырған , тəуелсіздігімізді тұғырландырған ұрпақты тəрбиелеген ардагер ұстаздар әсерлі қойылымды тамашалады. Кеш соңында ардагер ұстаздар жақсы лебіздер білдіріп, ризашылық танытып, алғыстарын жеткізді.

Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасы Бақытжан Сүлейменұлының атынан Рая Серікбайқызына алғыс хат табысталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.