ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН

2022 жылдың қазан айының 10-11 күндері аралығында Түркістан қаласында «1 қазан Халықаралық қарттар күніне» орай бильярд және шахмат спорт түрлерінен ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті.

Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген ардагер, зейнеткерлер бас қосты. Аса тартысты өткен жарыста аудан намысын жоғары деңгейде қорғаған ардагерлеріміз шахмат спорт түрінен I орынды Еримбетов Абылкасым Жолдасович иеленді, Козиев Рахимжан үздік ойыншы номинациясымен марапатталды. Ал, бильярд спорт түрінен Койбагаров Малик Хамзаулы және Насиров Ташкенбай үздік ойыншы номинациясымен марапатталды.

Командалық есепте Төлеби ауданы ІI ОРЫНДЫ қанжығасына байлады.

Жеңіс тұғырынан көрінген ардагер, зейнеткерлерімізді құттықтай келе, алдағы бұданда үлкен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғай берулеріңізді тілейміз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.