Екі кезеңнен тұратын конкурстың бірінші кезеңі – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру.
Екінші кезең – әр номинация бойынша жоғары дауыс жинаған 10 үміткерді Конкурстық комиссияның бағалауы.
Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз деп танылады:
— «Үздік волонтерлік ұйым»;
— «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
— «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;
— «Үздік әлеуметтік көмекші»;
— «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
— «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
— «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
— «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
— «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
— «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»;
— «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;
— «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
— «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
— «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
— «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Сыйлықты тапсыру 5 желтоқсан — Халықаралық волонтер күнін мерекелеуге арналған арнайы марапаттау рәсімінде өтеді.